Әнші Карина Абдуллинаның инстаграмдағы жеке парақшасында жалаңаш ердің бейнесін көріп, оның әңгімесіне қарық болып қалғанбыз. Ал әнші мұнысынан еш қымсынбайды екен.
Бұл туралы ол НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтты.
Тұрмыс құрмағандығын алға тартқан әнші мұны оғаш қылыққа баламайды екен.
https://kaz.365info.kz/42-zhastagy-karina-abdullina-tosektegi-suretimen-bolisti-290831
“Басым бос әйелмін, тұрмыста емеспін. Сондықтан не істесем де өзім білемін.
Әдемі еркектерге көз тігіп, ұятты ұсыныстар білдіруге де құқым бар.
Өмір қысқа, оны ерекше қылып сүруіміз керек”, – дейді әнші.
Сондай-ақ әнші шығармашылықтағы жаңалықтарын да сөз етті. Қазірде тобына сұраныс төмендеп, қаржыдан да қысылып жатқанын жасырмады.
“Қаржылай көмектесетін жан табылып жатса, Республика сарайында жеке кешімді өткізгім-ақ келеді. Демеуші іздеймін! Өз ақшамның ештеңеге жетпейтіні айдан анық. Ал, Таро карталары арқылы көп қаражат жинай алмайсың”, – дейді Карина Абдуллина.
https://kaz.365info.kz/18-anshi-karina-abdullina-syjiktisinin-tyrzhalanash-suretin-zhyktep-khojypty-foto-280193
Таро дегені арнайы балгерлік карталар екен. Өзінің әншілік қана емес, көріпкелділік қасиеті барын сезген әнші енді сол қасиетін дамытып жүрген сияқты.
“Маған көп адам келе бастады. Тіпті жүздеген жан, көмегіме жүгінді десем де болады. Арасында алғыс айтып жатқандары жетерлік”, – дейді Абдуллина.