Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Адамзат мойындаған әдемі әлем”. Димаш туралы қытайлықтың туындысы хит болды (видео)

155

Powder animation деп аталатын құммен сурет салу техникасы көмегімен жасалған мультипликациялық фильмді қытайлық Weibo желісіне «MingzheSS» атты пайдаланушы 5 ақпан күні жүктеген. Роликке Singer байқауының ІІІ-кезеңінде Димаш Құдайбергеннің шырқаған «Show must go on» әні таңдалынып алынған.

11-ақпанда видеоны тамашалағандар саны 5 млн 230 мыңға жеткен.

Еске сала кетсек, қазақстандық Димаш Құдайберген Қытайда «Singer» байқауына қатысып жатыр. Астана уақытымен 11 ақпан күні сағат 20.30-да Hunan.TV телеарнасынан байқаудың 4-кезеңі көрсетіледі. Бұл кезеңде Димаш Құдайберген қытай тіліндегі «Күзгі мұң» әнін акцентсіз айтып, үшінші орын иеленген болатын.
Байқаудың видеосын теледидардан көрген Қытайдың әйгілі кино актері Джеки Чан Димашпен кездесіп, өзінің эксклюзивті күртешесін сыйға тартып, соңғы “Kung Fu Yoga” кинокартинасындағы би қимылдарын үйретті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз