Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-9
USD
517
+8.88
EUR
543
+7.70
RUB
4.98
-0.08

Адам түсініп болмайды. Теңге нығайса да, азық-түлік пен бензин қымбаттауда

Иә, теңге Қазақстанның валюталық түсімінің негізгі көзі болып табылатын мұнай бағасы сияқты, нығаю үстінде, бірақ… инфляция да қарап отырған жоқ.

Инфляция қазақстандықтардың жиған-тергенін жеп жатыр

Азық-түліктің бағасының өсуі инфляцияның ресми цифрларын шаң қаптырғалы қашан. Бұл мойындамасқа болмайтын факті. Өзіміз сөз қылған Статистика жөніндегі комитеттің мәліметтеріне сәйкес, кофе, шәй және какао 2017 жылғы қаңтарда бұдан бір жыл бұрынғы бағадан 32,1 пайызға қымбаттаған, ал жарма бағалары 28,3 пайызға шарықтаған. Кондитер тағамдары теңгемен есептегенде 16,2, ал қант 12,4 пайызға қымбаттаған.

Десек те, 2017 жылғы қаңтардағы Қазақстандағы инфляция 2016 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 7,9 пайызға тең болған

Сатып алу қабілетінің төмендеуі сатушыларды алаңдатуда: халық тауарлар сатып алу мен қызметтердің ақысын төлеуге бағытталған шығындарын қасқартуда.

— Инфляцияның адам сезінетін ең жағымсыз салдары — қалтаның жұқарып, сатып алу қабілетінің төмендеуі, яғни, халықтың әл-ауқатының әлсіреуі. Оның үстіне, бізде Статистика жөніндегі комитеттің мәліметтері бойынша халық табысының өсуі бағаның көтерлуіне ілесе алмай келеді, — дейді Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығынығң директоры Жәнібек Айғазин. — Мәселен, қолда бар соңғы мәліметтер бойынша, 2016 жылғы 11 айда халықтың ақшалай нақты табысы 4,7 пайызға төмендесе, нақты еңбекақы 0,9 пайызға азайған.

«2015-тегі девальвация» салдарынан инфляция 13,6 пайызға дейін артып, соңғы он жылдағы ең жоғарғы көрсеткішке жеткен

Экономистердің есебі бойынша, тіпті, 5 пайыздық жылдық инфляция 10 жылдан кейін халықтың табысының 40 пайызын „жеп қояды„. Ендеше, инфляция деңгейі жылына 8,5 пайыз (2016 жыл) деңгейінде болса, 5 жылдан кейін халық жиған-тергенінің 3/1 бөлігінен айырылады, ал 10 жылдан кейін халықтың қолында барлық табысының 40 пайызы ғана қалады.

— Сондықтан монетарлық саясаттың басты көрсеткіші инфляция болып табылады, — дейді сөзін жалғастырған Айғазин. — Инфляция — халықтың әл-ауқатының негізгі көрсеткіші, яғни, ел азаматтары оның деңгейіне қарап, өзінің қаншалықты байығанын немесе кедейлегенін анықтайды. Ұлттық банктің бар мақсаты – инфляцияны ауыздықтау, экономикалық өсім оның басын мүлдем ауыртпайды десе де болады.

Егер 2015 жылғы девальвацияға дейін қазақстандықтар тамаққа барлық шығынының 50 пайызын жұмсаса, қазір бұл көрсеткіш елеулі өсіп кеткен.

Қымбатшылық неге асқынып барады?

325 теңгеге дейін төмендеген доллар ел халқының еңсесін көтергендей, бірақ дүкен сөрелеріндегі күнделікті қолданыстағы азық-түлік бағасы күннен-күнге көтеріліп барады. Оның негізгі себебі — бензин бағасының қымбаттауы, ал оның құны барлық азық-түлік, тауарлар мен қызметтер түрінің бағасында ескерілген.

Бензин құнына тіпті, қазір қымбат болып тұрған ресейлік рубль де енгізіліпті

Бұл туралы ел халқына ҚП Энергетика министрі Қанат Бозымбаев баяндады. Шенеуніктің айтуынша, жанармай әл осы ресейлік валютаның салдарынан қымбаттапты.

— Себептердің бірі — рубльдің теңгеге шаққандағы бағамының өзгеруі… тиісінше, ресейлік бензин бағасы өсті, – деді Бозымбаев Sputnik ақпараттық агентігіне берген сұқбатында.

Министрдің айтуынша, былтыр рубльге шаққандағы теңге бағамы 20 пайызға әлсіреген.

— Теңгенің рубльге қатысты девальвациясы біздің Ресейден сатып алатын тауарларымыздың қымбаттауына әкеліп соқты. Атап айтарлығы, ол тек бензин ғана емес, — дейді AlmaU іскерлік әкімшіліктендіру докторы, экономист Ерлан Ибрагим.

Осы орайда, Қазақстанға импортталған тауарларға қарағанда, елден экспортқа шығарылатын тауарлардың, керісінше, қысқарғанын атап өткен жөн.

— Қазақстанның Ресейге апаратын ештеңесі жоқ, бізге жүк тиеп әкелген автомашиналар кері қарай бос қайтуда, — дейді Ерлан Ибрагим.

Ұлттық банктің „жетістіктері„

Осы арада айта кетсек, Қазақстанның қаржы реттеушісінің мәліметтері бойынша, 2107 жылы инфляция деңгейі 6-8 пайыз деңгейінде болмақ. Әлемдік стандарттар бойынша бұл жоғары көрсеткіш (Соңғы жылдардағы ЕО елдеріндегі орташа көрсеткіш 3-3,5 пайызды құраған, — ескерт.), бірақ Ұлттық банктегілер мұның өзін мақтан тұтарлық көрсеткіш санап отыр.

— Былтырғы девальвациядан кейін  инфляция секірісін толық еңсердік, деп нық сеніммен айтуға болады. Алдымыздағы жыл бойы инфляция 6-8 пайыз деңгейінде белгіленген дәліз шеңберінде болады. Әлбетте, егер күтпеген жәйттер орын алмайтын болса, — деді Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Ғалымжан Пірматов Kapital.kz. порталына берген сұқбатында.

Дереккөз: 365info.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз