Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

“… Адам саумақ – өнерсіз иттің ісі”. Еуропада Абайдың қара сөздері хит болып жатыр

499

„Abai cartoons жобасы – менің қазақ әдебиеті мен мәдениетін әлемдегі жастарға қысқа да нұсқа иллюстра­циялар арқылы жеткізгім келгенінің нәтижесі„ – дейді Дидар «Айқын» республикалық қоғамдық газетіне берген сұқбатында.

– … Бір түннің ішінде Іnstagram әлеуметтік желісіндегі Abai cartoons атты парақшама бір­неше мың адам жазылып, су­рет­­терімді мың­даған адам өз парақша­ларында жариялады. Осылай күтпеген жерден Abai cartoons жобасы өзінің оқырмандарын тапты. Осыдан соң әлемнің түкпір-түкпіріндегі жастарымыздан xаттар ала бастадым. Олар Абайдың ашықxаттарын өздерімен бірге ала жүріп, суреттерімен бөлісті. Осыдан traveling Abai немесе «саяxатшы Абай хэштэгі» пайда болды.

Жалпы, Abai cartoons жобасы шетел сайттарында көп жарияланды. Бір есте қалғаны,

Вьетнамдағы газет менің ашық­xат­­тарым жайлы «мәңгілік өшпейтін дана­лық сөздер екен» деп жазыпты.

Абай – әлем мойындаған ұлы тұлға. Өзі өмірден өтсе де, артына өлмес сөз қалдыр­ған атамыздың өнерін мақтан тұту және келе­шек ұрпаққа насиxаттау – біздің боры­шы­мыз, – дейді ол өз сұқбатында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз