Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Адам өлтірген Кузнецов Қазақстаннан қашып кетіпті

Оны бәрінің танығаны, жұмысқа алмағаны қиынға соқты. Достарының айтуынша, ол бұл елде қала алмайтынын білді. Құжаттарын жасап, айыппұлдарын төлеп, заңды түрде елден кетті. Ешкімнен жасырынған жоқ. Кешегі сот үкімі шықпай тұрып, Қазақстаннан кетіп қалған. Қайда екенін айтылмайды. Ал, үш күннен бері телефоны сөндірулі.

Александр Кузнецов түрмеден 2018 жылы шілде айының басында шықты. Қапшағай қалалық соты оның қалған жазасын айыппұлмен алмастырған еді.

Жәбірленушілер мұнымен келіспей, облыстық сотқа арызанды. Кейін сот қайта қарап айыпталушыны түрмеге қайта қамау туралы үкім кесті.

Кузнецов 2015 жылы «Чукотка» бары алдында Евгений Фроловпен, Сырым Мұратқалиевпен төбелескен. Төбелесте Сырым көз жұмды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін  Алматыда «Чукотка» барының маңындағы төбелес үшін сотталған азаматтың жақында ғана бостандыққа шыққанын хабарлаған болатынбыз. Алайда, оның жазадан оңай сытылып кеткенін естіген марқұмның туыстары сот шешімне шағымданып, Кузнецовты қайта қамауға алуды етті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз