Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Адам қай жаста жұмысын жек көре бастайтыны анықталды

Сауалнамаға әртүрлі жастағы 200 мың адам қатысқан. Нәтижесінде жұмысына көңілі толмайтын адамдар қарттар екені анықталды.

Жалпы алғанда адам 35 жасында жұмысқа деген қызығушылығын жоғалта бастайды екен. Негізгі себептер – күйзеліс, дос пен әріптестердің болмауы (жетіспеушілігі), басшылық тарапынан жете бағаланбауы. Сауалнамаға қатысқан 35 пен 55 жас аралығындағы респонденттердің 16 пайызы жұмысына көңілі толмайды екен. 55 жастан асқандардың 18 пайызы жұмысқа амалдың жоғынан барады. Ең төменгі көрсеткіш 18 жастан 32 жасқа дейінгі қызметкерлерде, олардың ішінде тек 8 пайызы ғана өз жұмысын ұнатпайды.

Сарапшылардың пікірінше, бұл тәуелділік адам өз жұмысында жетістікке жетпегенде, ойлаған мақсатына қол жеткізе алмағанда туындайды екен. Сол себепті жұмысына деген қызығушылақ та бәсеңдей түседі. Өйткені адам бұл жасында отбасын құрып, жеке өмірін жайғастыру керек. Мұндай күйзеліс қызметкердің жүйкесіне тиіп, алаңдатады дейді олар.

baq.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз