Бас Прокуратура Қазақстанда зорлық-зомбылықты азайту мақсатында түрлі шараларды қолға алуда. Бірақ, мұндай істердің саны азаяр емес.
Бұл туралы Астанада өткен «Конституция – қоғам және мемлекеттің серпінді және тұрақты дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда Бас прокурор Жақып Асанов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.
«Бүгінде прокурорлар адамдарды азаптауға қатысты істердің 70% тергеп жатыр. 5 жылдың ішінде 146 қызметкер сотталды. Қолдан келгеннің барлығын жасап жатырмыз. Бірақ, азаматтарды азаптау тыйылар емес», – деді ол.
Сонымен қатар, Жақып Асанов осы мақсатта тиісті шаралардың жүргізіп жатқан жеткізді.