Футболдан Ресейдегі әлем чемпионаты басталғанға дейін ұтыс иесі, әйел адамның спортқа қызығушылығы болмапты. Бұл оның өміріндегі алғашқы ұтысы екен, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.
Әлем чемпионатының жеңімпазын ғана емес, Франция-Хорватия матчының есебін де дәл тапқан Алматы тұрғыны аз ғана тіккен ақшасын (1000 теңге) еселеп, 135 мың теңге жеңіп алды.
https://kaz.365info.kz/frantsiya-chempion-ach-2018-finalynda-tagy-bir-rekord-zhanartyldy-324010
Бұдан бұрын спортқа ешқандай әуестігі болмапты. Бірақ әріптесі букмекерлік кеңсенің түбіртегін көрсеткенде бәрі өзгереді. Германия – Оңтүстік Корея матчында 2:0 есебімен кәрістер жеңеді деп 2,5 мың теңге тіккен жігіт 300 мың теңге ұтысқа кенелген.
“Тіпті аздап ішім күйіп кетті”, — дейді Елена Рогожина Sputnikтілшісіне. — “Мен не одан кеммін бе?” деп ойладым. Сөйтіп, букмекерлік кеңсеге келдік. Барлық мүмкін ұтысты қарап шықтым. Франция 6:0 есебімен жеңсе, мың теңгені жарты миллион қылып өсіріп алуға болатын еді. Бірақ, ештеңе білмесем де, мұндай жайттың болуы мүмкін емес екенін түсіндім. Франция 3:1 есебімен жеңетініне 1 мың теңге тіксем, бағым жанса, 23 мың теңге ұтар едім. Сондықтан, барлық болжамды қарап, 4:2 деген есепті таңдадым. Коэффициенті жақсы еді”.
Елена қателеспепті.
“Франция мені осылайша байытып жіберді”, — дейді Елена олжаға кенелткен түбіртегін көрсетіп.