Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
443
0.00
EUR
475
0.00
RUB
4.74
0.00

Әбілязовтің ісі сотқа берілді

3-наурызда прокурорлар М.Әбілязовқа, Ж.Жарымбетовқа, К.Садықовқа және С.Мәмешке қатысты айыптау актісін бекітті. Айыптау актілері қылмыстық процестің барлық қатысушысына, соның ішінде Мұхтар Әбілязовтің қорғаушысына берілген.

“Әбілязовтің өзі Қазақстан Республикасынан тыс жерде және шақыртудан жалтарған, осыған байланысты прокуратура осы хабарламаны қылмыстық істің сотқа жолданғанын жариялайды”, – делінген прокуратура релизінде.

Осыған дейін Мұхтар Әбілязов пен оның Қазақстандағы сыбайластарына қатысты соталды тергеу аяқталғаны хабарланған еді.

“Алдын ала тергеу жан-жақты, толық әрі әділ өтті, дәлелдеуге жататын барлық жағдай анықталды”, – делінген еді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, Әбілязовқа қылмыстық топ құрып, оған басшылық етті, БТА банктің қаражатын жымқырды және жекешелендірді, банк қаражатын заңсыз қолданды және қызметтік өкілін асыра пайдаланды деген күдік келіп отыр. Жалпы шығын сомасы – 7,5 миллиард АҚШ доллары.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз