Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-4
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

“Сатқызбай жатыр…”. Әбден қажыған біреу бензин үнемдейтін құрылғы ойлап тапты

111

Шоқан Файзоллаұлының мамандығы – математик. Ал Тимур Тлеухан – композитор. Шоқан Файзоллаұлы көлігінен ақау шыға бергенінен және жанармайды көп жейтіндігінен қажып кеткен. Оның алдын алуға түрлі әдіс-тәсіл жасап көруге тырысқан. Нәтижесі болмаған соң Тимур Тілеуханға жолығып, ол азаматтың жасыл энергия туралы жобасын көріп, екеуі бірігіп Sh.U.T.T.box құрылғысын жасап шықты.

Тимур Тілеухан музыка саласында жүріп физиканы меңгеруге қызыққан. Үш-ақ апта ішінде түрлі тәжірибелер мен кітаптар арқылы білімін толықтырған отандасымыз зор жетістікке жетіп отыр. Идея авторларына шабыт берген Никола Тесла мен Джон Бединидің ғылымда ашқан инновациялық жаңалықтары.

Шет ел ғалымдарын үлгі тұта отырып, өздерінің ақыл-жігерлерімен ойлап тапқан құрылғы туралы не білу керек?

Sh.U.T.T. labs & technologies – 2015 жылы Алматы қаласында іргесін қалаған топ. Құрылғының қолданыстағы екі түрі бар: 8 М және 7 S+ 12 ай бойына түрлі сынақтан өткен өнімнің 3 ерекшелігі бар:

– Жанармайды 10-20 пайыз үнемдейсіз. 100 километрге 10 л бензин жұмсайтын болсаңыз, Sh.U.T.T.box құрылғысын орнату арқылы оны 8 литрге дейін азайта аласыз;

– Көлікке күш береді. Көлік жылдам әрі жеңіл жүру үшін үдету тепкісін қаттырақ басуға тура келеді. Ал Sh.U.T.T.box құрылғысын пайдалансаңыз, бұл қиындықтан құтыласыз. Себебі құрылғы көлікке қосымша күш береді.

– Экологиялық әсері бар. Құрылғы көлікке орнатылған күннен бастап, көліктен түтін шығу мәселесі 3-20 процентке дейін азаяды.

Бұл үш қасиеттен бөлек құрылғы түрлі қызметтерді атқарады:

– үдетуші тепкінің сезімталдығын арттырып, босаңдығын жояды;

– беріліс қорабы біркелкі істеп, беріліс ауысу белсенді бола түседі;

– үдеу динамикасы артады;

– қозғалтқыш үні азаяды;

– инерциалы жүріс ұзарады;

– қозғалтқыш көлік орнынан қозғалмағандағы айналыс жиілігі азаяды;

– қозғалтқыштың зиянды қалдықтары (СО және НС) кемиді;

– қозғалтқышты жылыту уақыты қысқарады;

– цилиндрлер тазарады;

Қазірдің өзінде құрылғының 40-тан астам данасы республикамызда қолданысқа енді. Сонымен қатар 15 данасы шет елге жеткізілді. Өнімнің кепілдік мерзімі – 3 жыл. Ал құрылғының өзін сынақтан өткізіп жатқан құрастырушылардың айтуынша, екі жылдан астам уақыт ішінде әлі бірде-бір рет сыр беріп көрмеген.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз