Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Абайлаңыз, Ұлттық арна “артпен айдайды” (видео)

369

“…аяққа киетін дүниемізді киеміз, шынтаққа киетін нәрсемізді киеміз, басымызға жақсылап киіп аламыз. Әрине, мен қазір Асқар мырзаның жанында тұрғаннан кейін, бас киімді кимей тұрған жайым бар”.

Миыңыз әлі орнында тұр ма?

Ендеше, ары қарай кеттік:

“…аяқты мынадай қылып, сәл ішке басамыз. Бұл басында ауыртатын сияқты. Үйреншікті емес”.

Шын мәнінде аяқты ішке баспайды. Бүгеді. Ал конькиді артқа қарай тепкенде не істеу керек? Жүргізуші былай кеңес береді:

“…сондықтан, біз тіземізді бүгеміз, арқамызды алға қарай бүгеміз…”.

Арқаның алға қарай қалай бүгілетінін йогамен айналысатындар білмесе, мен білмейді екем.

“Алдыңыздан адамдар шыққанда қорқып, қашасың. Сол кезде құлап кетуің мүмкінсің немесе тепе-теңдікті жоғалтып алуың мүмкінсің, иә?” – дейді.

Сексен қызды айтқан «секси қыз». Роза Рымбаеваның кінәсі жоқ — сазгер (видео)

Несі бар? Архимед моншада отырып, жаңалық ашса, ұлттық арнаның тележүргізушілері коньки тебуді үйретем деп жүріп-ақ тіл ғылымын “мүмкінсің” деген жаңалықпен толықтыра салды!

Ескертемін: телевизордың тек дауысын естіп, суретін көрмей қалмаңыз, құрысын!

Көрмесеңіз, мынандай сөздерді естисіз:

әйел дауысы:

“артпен айдау үшін қандай қағидаларды ескеру керек?”

еркек дауысы:

“аяғымыздың арасын жақсылап тұрып ашамыз, тіземізді бүгеміз… сосын аяқтың ұшымен кішкене итерілеміз…”,

әйел дауысы:

“Яғни, Асқар, артпен айдағанда біз бірінші нені ескереміз?”, дейді.

Тұтастай секс-сабақ секілді! Айналайындар-ау! Конькиді айдамайды! Тебеді! Сырғанайды!

Артқа қарап айдамайды! Артқа қарап сырғанайды!

Мына тілбұзар жүргізушінің мәтінін қадағалайтын адам бар ма өзі, ұлттық арнада?

Әлде, жеткен жеріміз осы-ақ па?! Қалған шашымның уақытымен ағаруына мүмкіндік беріңдерші, көкелер!)

P.S: Мұндай кемшілік тек, осы бағдарламаның бір шығарылымында ғана болса жақсы ғой. Бүкіл бағдарламасы осындай. Шатып-бұтып, не айтқанын түсінбейсің. Пәленбай уақытты қор қылып, соны эфирге шығарады ғой, тағы?

Куба туралы адам сенгісіз 27 шындық

сла

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз