Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Абайлаңыздар! Баян қазақ әйелін феминист болуға үгіттеп жүр

288

Білмеймін, сол оқиғадан бері өзгеріп кеттің. Қатты өзгердің. Қатайып алдың. Түсінем сені. Оңай емес.  Трагедияны бастан өткердің. Оңаласың. Жазыласың әлі-ақ. Мықты әйелсің ғой.

Соңғы кездері тым қатты кетіп қалған жоқсың ба, Баян?  «Қазақстанда әйелдер құқығын қорғайтын ұйым құрамын» дедің. Дұрыс. Құр. Әйтеуір, бірі болмаса бірі жүгіне жатар. Оны қойшы.

Бірақ, кешегі сөзің не? «Әрбір табысты әйелдің артында күйеуі тұр деген бос сөз. Ол өзі де көп нәрсеге қол жеткізе алады. Елдің ақшасымен күн көріп, біреудің арқасында өмір сүретін әйелдерге арналады бұл сөзім» депсің.

Осындағы «біреудің арқасында» дегенді «күйеуінің арқасында» деп түсіндім. Мойындашы соны айтқың келді ғой? «Күйеуінің арқасында күн көретін әйелдерді түсінбеймін» дегің келді.

Есі дұрыс әйел болса, отбасын асырап, жағдайын жасап отырған отағасына алғыстан басқа айтары жоқ шығар. Одан бұрын отбасы болғасын бөлінуге болмайды ғой. Сенікі, менікі деп…Түсінбедім мұныңды. Одан бұрын береке кетеді. Отбасының берекесі кетеді.  Еркек те адам ғой. «Сенің ақшаң, менің ақшам» дей бергесін, ол да ашынады. Солай емес пе? Сол сияқты таяқ жегеніңді де елдегі еркек атаулыдан көруге болмайды.

«Әрбір табысты әйелдің артында күйеуі тұр деген бос сөз» депсің. Бұл «әйелдер байсыз-ақ өмір сүре алады» дегенің емес пе өзі? Осы сөздің өзі елдегі талай ерлі-зайыптының арасына от салып үлгерген шығар, құдай біледі. Құдай сақтасын.

Алтын басты әйелден бақа басты еркек артық

Білсем, мына бізге, қазаққа гендерлік саясаттың түкке қажеті жоқ. Онсыз да азбыз. Қазақтың әйелі үйдегі жағдайын жиыстырып қойып, «табыс табам, мансап құрам» десе, құрығанымыз. Әйелді бұзатын саясат бұл.

Жалпы, еркектермен алысқан дұрыс емес қой. Қою керек қой. «Алтын басты әйелден бақа басты еркек артық», деп отырады менің шешем. Айтпақшы, шешем жеті баланы бағып қақты. Көрмегені жоқ. Әкеміз де көресіні көрсетті. Ол кез арақтың “дәуірі” еді ғой. Қыңқ еткен жоқ, бірақ. Жеті баланы бағып-қағып жеткізуді миссиясы деп түсінді.

Иә, ұрыс болады. Ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды.  Кейде шаршап келеміз. Айғайлап қоямыз. Қырықпышақ болып қалатын кездер де бар енді. Мойындайық. Сонда да болса отбасыны сақтауға тырысамыз. Иә, иә мына біз, еркектерді айтамын.

Қалай болған күнде, Баян, сенің сөзіңнен үлгі алған қыздар көпке бармайды. Сондықтан мұндай жазбаларыңды сәл сиретші. Шығармашылыққа оралсаңшы, одан да…

thumb_4837-1449889282

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз