Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-6
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Абай университетінде «Ерлікке тағзым» ескерткіш тас белгісі орнатылды

Ескерткіштің ашылуы – Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырларымызды ұлықтап, олардың есімдерін ұрпақ санасында мәңгі есте қалдыру мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп,  Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Алмаз Кеңесбай, проректорлар, факультет декандары, кафедра және бөлім меңгерушілері, профессорлық-оқытушылар құрамы, ардагер ұстаздар мен Кеңес Одағының батырлары атанған университет түлектерінің ұрпақтары, сондай-ақ білім алушы жастар қатысты.

«Осы күнге дейін университетімізден майданға аттанып, Кеңес Одағы батыры жоғары дәрежесіне ие болған 8 тұлға белгілі болған болса, Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында біздің тарихшы ғалымдарымыздың зерттеп-зерделеуімен, архивтік құжаттарды қайта қарап, жұмыстануының нәтижесінде тоғызыншы батырдың да осы университеттен шыққаны анықталып отыр. Осы орайда университет түлектерінің қолдауымен арнайы белгі тас орнатылып жатыр. Бұл белгі – университетімізден майданға аттанған оқытушылар, ғалымдар мен студенттердің ерлігіне, бабалар рухына тағзым ретінде қойылды», – деді Абай университетінің Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп құттықтау сөзінде.

Ресми іс-шара соңы «Ерлікке тағзым» атты концерттік бағдарламамен жалғасты.

Айта кетейік, «Ерлікке тағзым» ескерткіш тас белгісі Абай атындағы ҚазҰПУ-дың түлегі Рақымберді Жетібайдың демеушілігімен орнатылды. Ал аталған шараның ұйымдастырылуына университеттің Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаменті мұрындық болды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз