Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Абай оқулары” байқауының жеңімпаздары анықталды

442

«Абай оқуларында» І-орынды Алматы облысы Қаскелең қаласындағы «Аяжан Қарасай» медициналық колледжінің түлегі Салтанат Өтебай қанжығасына байлады.

ІІ дәрежелі дипломмен Астана қаласы Қазақ ұлттық өнер университетінің ІІ-курс студенті Рауан Әбдуали марапатталды.

Үштікті Солтүстік Қазақстан облысы Ақбұлақ ауылындағы Чехов орта мектебінің 11-сынып оқушысы Виктория Вьюшкина мен Алматы облысы Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылындағы орта мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Бағила Ниетуллаева түйіндеді.

Алматы облысы, Жамбыл ауданы Қайназар орта мектебінің оқушылары, апалы-сіңлілі Дариябай Әсел мен Аружан ынталандыру сыйлығы мен «ең жас қатысушы» номинациясын иеленді.

Ал Ноттингем университетінің ІІ-курс студенті Жанбота Дүйсебаева «Абай мұрасын әлемдік кеңістікте дәріптеу» номинациясының жүлдегері атанды.

Оларға тың кітап топтамалары мен бірегей естелік сыйлықтары тарту етілді. Шара барысында көпшілік назарына ұсынылған кітап көрмесінде Кітапхана қоры мен Елбасының жеке кітапханасындағы бірегей басылымдар берілді. Қонақтар Абай туындылары алғашқы аудармаларының түпнұсқаларымен танысты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз