Қызын ұзатып, су жаңа құда атанған Абай Бегей қызының құдалығына қатыспады.
Әншінің екінші қызын алып қашып кетіп, кейін Абай Бегей қайтарып әкелген еді.
«Әртүрлі әңгімелер болып жатқанын байқап отырмын. Тілектеріңізге, көңілдеріңізге рақмет!», – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары қыздың әлі 18 жасқа толмағанын жарыса жазуда. Тіпті кейбірі «кәмелет жасына толмаған қызды алып қашқаны үшін жігітті заң бойынша жауапқа тарту керек» деген пікірде. Бұл ретте әншінің блогер қызы Гүлеркем Ниязқұлова халыққа үндеу жасап, видео жариялады.
«Бүкіл ел Сымбаттың жасын талқылап жатыр екен. Ол 4 айдан кейін 17 жасқа толады. Елде басқа мәселе қалмаған ба?! Жастарға бақыт тілеңіздер! Сымбатымыз «Сырғалым» атанып, ақ келін болып жатыр», – деп жазды блогер қыз.