Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Қыздарымды тексертті..”. Абай ауылында бала зорлады деген жасөспірімнің анасы өз шындығын айтты

“Осы шу шыққалы бері небір әңгімелер айтылды. Менің күйеуімді есірткіден қайтыс болыпты деді. Қолымда өлу себебінің анықтамасы тұр. Инсульт алып, миына қан құйылып қайтыс болған. Өзімді де есірткіге тәуелді екен деген әңгіме шықты.

Мені кез келген уақытта тексерсін. Өзім күнімді әрең көріп жүрген адаммын. Дәл қазір Алматыда нәпақа тауып жүрмін. Жаңа оқу жылы келе жатыр, мектепке керек- жарақтарды алу керек. Балаларым қасымда” ,- деген келіншек сотта іс дәлелін таппайтынына үмітті екенін айтты.

Ақылы адвокаттың көмегіне жүгінуге қалтасы көтермей отырған күдіктінің анасының мемлекеттен берілген адвокат барын салады деген үміті басым.

“Адвокаттар оның ақ екенін, оны жасамағанын дәлелдеп беретін шығар. Баламның жас өмірін құртайын деп отыр. Ол жаққа барғанынша, өлгені артық. Ішім күйіп-жанып барады… Ақыры жақсы болсын, деп отырмын, әйтеуір. Бәрін Құдай көріп тұр ғой, ақиқат бар шығар. Бір Аллаға сеніп отырмын”, – деп көзіне жас алды күдіктінің анасы.

“Селтановтардың туысы дейді. Қандай жағдайда тұрып жатқанымды көрдіңіздер. Қуықтай ғана үйдің бір бөлмесінде төрт баламмен, бір бөлмесінде әпкем екі баласымен тұрады. Сол ақпаратты жеткізгендер неге біздің жанайқайымызды айтпайды екен?”, -деп ашынған келіншек ұлы жазықсыз сотталып кете ме деген қорқынышы барын да жасырмады.

Осы ретте, шарасыз күйде отырған келіншек қазақстандықтар қолдау күтетінін жеткізді.

 

Дерек көз:Nur.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз