Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Абаев ұялы телефонды IMEI-код бойынша тіркеудегі қиындықтарды атады

“Ұялы телефондарды тіркеу қажет. Себебі бүгінде осы салада ұрлық көп. Ал ұялы телефондарды тіркейтін болсақ, ұрланған кез келген телефонды IMEI-код арқылы бұғаттауға болады. Ол үшін абонент арыз береді. Ал ұялы байланыс компаниясы оның телефонын бұғаттап тастайды. Сонда ұрлықтың көлемі де азаяды. Себебі телефонды ұрлаған адам оны пайдалана алмайды”, – деді Абаев бүгін xалық алдындағы есеп беру кездесуінде.

Министрдің сөзіне қарағанда, осы салада бір кедергі бар. Ол – жүздеген IMEI-кодтың ұқсас болуы.

“Қазір Қазақстанға келіп жатқан 200 ұялы телефонның бір IMEI-коды бар. Бір телефон ұрланса, барлық аппараттарды бұғаттауға тура келеді. Осы жағынан қиындықтар туындап жатыр. Дегенмен, біз осы саладағы жұмысты жалғастыратын боламыз. Сонда ұялы телефондар ұрлығы тыйылады. Бұл жұмысты биыл болмаса да, бір жарым жылдың ішінде аяқтаймыз деп ойлаймын”, – деп атап көрсетті министр.

Айта кетейік, қазіргі кезде қазақстандықтардың қолданысында 30 млн-ға жуық ұялы телефон бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз