Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ақжарқын Тұрлыбай нигериялық наркомафияның құрбаны болған (фото)

“Sezimtal» қоғамдық қорының үйлестірушісі Сұңқар Нұрмағамбетов Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі орталықазиялық аймақтық ақпараттық және үйлестіру орталығымен (CARICC) ресейлік және украиндық құқық қорғаушылардың және халықаралық наркосиндикат құрбандарының туыстарының ынтымақтасқысы келетінін хабарлады.

  «Ресейлік және украиндық құқық қорғаушылардың және халықаралық наркосиндикат құрбандарының туыстары шетелде қазақстандық азаматтың құқықтарын қорғаудағы біздің тәжірибемізге қызығушылық танытуда. Оларға CARICC алаңы қызық, себебі онда ақпараттар алмасып, халықаралық наркобизнеске қатысы бар іздеу салынған тұлғалар туралы мәліметтер банкі құрылуда. Қазір олар процедуралық мәселелерді зерттеп, «Sezimtal» қоры арқылы CARICC шығуға ниетті», – деді ол.

«Биылғы жыл басында Қытайда есірткі контрабандасы үшін Қырғызстан азаматшасына өлім жазасы кесілді. Барлық жерде бір схема: «Азия-Тынық мұхиты елдерінде жұмыс істеу ұсынылады (әдеттегідей жағдайы төмендерге). Сонымен бірге, көптеген жағдайда нигериялықтар құрбандарға брендтік, эксклюзивті заттар тасымалдауды ұсынады», – деп атап өтті адвокат.

Еске сала кетсек, 2015 жылдың шілде айында Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі орталықазиялық аймақтық ақпараттық және үйлестіру орталығы (CARICC) ақпараттық-сараптамалық бөлімшесінің басшысы Аманжол Оразбаев Ақжарқын Тұрлыбайдың нигериялық наркомафия құрбаны болғанын мәлімдеді.

Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі орталықазиялық аймақтық ақпараттық және үйлестіру орталығын (CARICC) құру туралы келісім 2009 жылы 22 наурызда өз күшіне енді. Оның құрылтайшылары және мүшелері Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Өзбекстан. Орталық жанындағы бақылаушылар ретінде Австрия, Ауғанстан, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, Қытай, Пәкістан, Румыния, АҚШ, Түркия, Украина, Финляндия, Франция, Интерпол халықаралық қылмыстық полиция ұйымы және SELEC орталығы бекітілген.

CARICC мақсаты – трансұлттық есірткі қылмысына қарсы күресте қатысушы-мемлекеттердiң құзыреттi органдарының күш-жігерін үйлестіру. Негізгі міндеттері – заңсыз есірткі айналымымен күрес жөніндегі халықаралық операцияларды үйлестіруде, ұйымдастыруда және өткізуде көмек көрсету; есірткінің заңсыз айналымына байланысты трансшекаралық қылмыс жөніндегі ақпаратты жинау, сақтау, қорғау, сараптау және алмасу.  

akzh

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз