Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ақышев мақтаншақ екен

– Экономика айырбастау бағамының жаңа өлшемдеріне бейімделді. Инфляция алдағы екі айда белгіленген 6-8 пайыздық дәлізге жетеді. Және 2017 жылы дәліз ішінде болады деп күтіледі.

Алдағы жылы да, осы инфляция деңгейі сақталмақ. Бұл көрсеткіш азық-түлік пен түрлі тауар және коммуналдық тарифтер құнына еш әсер етпейді. Ақышевтың айтуынша, теңге бағамы тұрақталып, тіпті өсіп келе жатыр. Қазір АҰҚШ валютасының сату және сатып алу бағасы  333-334 теңге. Бұған соңғы кездері қара алтын бағасының қымбаттауы себеп. Сондықтан жұрттың жаппай теңгеге деген сенімі артып жыл басынан бері төл валютадағы салым екі есеге дейін артыпты. Ал, премьер-министр ең әуелі инфляцияға жол бермеуге тапсырма берді.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР премьер-министрі:

– Бұған дейін Үкімет отырысында инфляцияны 6-8 пайыздық межеге жеткізіп, соны ұстап тұру мәселесі айтылған. Бірақ, соңғы айда инфляцияға сәл жол беріп қойдық. Сондықтан облыс әкімдері жағдайды түзетуге жұмыс істеңіздер.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз