Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
6
USD
425
+1.44
EUR
498
+0.42
RUB
5.56
-0.01

Ақтауда зорланған 6 жасар қызға шетелдік дәрігерлер көмектеспек

Болат Жұманиязов, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының дәрігері:

– Баланың жалпы жағдайы өте ауыр. Әлі де өміріне қауіп төніп тұр. Динамикалық бақылау кезінде өзгеріссіз. Аппаратты тыныс арқылы демалып жатыр. Жүрек қағысы және тамыр соғулары, жүрек жұмысы бәрі дәрі-дәрмектің көмегімен.

Азғыннан қорлық көрген бүлдіршін екі күн бұрын Ақтаудағы облыстық балалар ауруханасынан Астанаға ауыстырылған. Оны Елордадағы ең білікті невролог, балалар гинекологы, хирург қайта-қайта тексеріп, жіті қадағалауда. Бірақ әзірге еш нәтиже жоқ. Алған жарақаты өте ауыр болғандықтан, кішкентай науқастың беті бері қарайтын емес. Енді отандық дәрігерлер Кембридж және Вена университеттерінің профессорларымен кеңесіп, көмек сұрамақ. Естеріңізге салсақ, 20-тамыз күні Ақтауда 6 жастағы қыз жоғалып кеткен болатын.  Бірнеше сағаттан соң қансыраған бүлдіршін саяжайдан  табылған. Сөйтсе, оны біреу зорлап кеткен. Полицейлер бір күдіктіні ұстады. Дүкендегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған еркекті сақшылар қала маңындағы құрылыс нысанынан тапқан.

Безымянный

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз