Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Ақтөбедегі теракт бойынша сотқа тартылғандардың 7-еуі өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Қолға түскен 29 күдіктінің ішінде 9-ы басты айыпталушылар болатын. Оларға бірқатар қылмыстар бойынша, соның ішінде теракт жасады деген айып тағылып отыр.

Айта кетерлігі, бұған дейін мемлекеттік айыптаушылар Жұбанов Айдосқа 22 жыл және Абдрахманов Азаматқа 20 жыл, ал қалған жетеуі Бақыт Қуанышбаев, Асхат Иманғалиев, Садихов Ануар, Әлібек Ақпанбетов, Асхат Рахметов, Жаңабай Қуанышбаев, Арсен Таңатаровтарға өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын. Сот олардың 7-еуіне өмір бойы бас остандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Қылмыскерлердің мүліктері тәркіленіп, жазасын ерекше режимде өтейтін болады. Қалған 18-не қылмыс туралы құзырлы органдарға хабарламау (ҚР ҚК 434 бабы), 2-еуіне қылмысты жасыру әрекеттері (ҚР ҚК 432 бабы) бойынша айып тағылуда.

Сонымен қатар, Ақтөбеде 2016 жылдың 5 маусымы күні болған террористік актіге қатысқан Абдрахманов пен өзге де азаматтардың қылмыстық істері бойынша, сот 21 қараша күні айыпталушылардың соңғы сөздерін естіген еді. Бірқатар қылмыстар жасаған, соның ішінде террористік акт ұйымдастырды деп сотталғандар мен айып тағылған азаматтар істеген әрекеттеріне өкінетіндерін айтып, сот өкілдеріне өмір бойына қамауға алу туралы үкім шығармау жөнінде өтініш жасап, отбасылары мен балаларына қайтқылары келетіндіктерін айтқан.

Сотталған А.Ж.Жұбанов пен А.А.Абдрахманов (террорлық актінің қатысушылары) та сот қызметкерлерінен қатаң үкім шығармауды сұрады. Қылмыс туралы құзырлы органдарға хабар бермегені және қылмысты жасырғаны үшін сотталғандар (Гацаевтан басқасы) сотта істеген әрекеттерін мойындап, соттан бас бостандығынан айыру жазасын қолданбауды сұрады. Р.М.Гацаев болса сот өкілдерінен өзін ақтап шығуды сұрады.

Айта кетейік, Ақтөбеде теракт 5 маусым күні болды. Террористердің тобы «Паллада» және «Пантера» атты қару-жарақ дүкендері мен №6655 әскери бөліміне қарақшылық шабуыл жасап, соның салдарынан 8 адам мерт болды. Олардың 3-уі әскери қызметкерлер. Терроризмге қарсы бағытталған операция барысында 18 адамның көзі жойылып, 9 адам құрықталды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз