Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ақтөбедегі теракт: 45 сәләфидің бірі бұрын „спецназда„ қызмет етіпті

 

Диапозон„ жарияланған дерекке сүйенсек, 5-маусымдағы терактіге қатысқан радикалдардың бірі бұрын спецназда, яғни арнайы бөлімшеде қызмет істепті.

Тергеу материалдарында Дмитрий Таңатаров, Арман Айтуған және Сұлтан Қабиев 2016 жылдың 3-4-маусымында Орталық базарда ұсталған ұялы телефондарды саудалай жүріп, өздерінің таныстарымен құпия жүздескен делінеді.

Олар жігіттерді акикті (шілдеханаға) тойлаймыз деп, алдап қонаққа шақырып, басын қосқан.

Басылымға берген сұқбатында теолог Балғабек Мырзаев бір ағымдағы жігіттер мұндай ұсыныстан бас тарта алмаған. Мысалы, Дмитрий Таңатаров Әлібекке акикке келсе, ақшасын қайырып беретінін айтқан. Ал басқа „бауырды„ керісінше қарызды әкеліп сал деп шақырған.

Ал Асхат есімді айыпталушыны олар астмадан емделіп жатқан жері – Бурабайдан арнайы шақыртып алған. Оның Ақтөбеге оралуға қалтасында ақшасы да болмапты. Дмитрий Таңатаров оған ұшақ билетін сатып алып, оны да акикқа шақырады.

Осылайша той тойлаушы қауым 4-маусымда Есет батыр көшесі, №103 үйден бір тәулікке пәтер жалдайды.

Айыптаушы тараптың келтірген деректеріне сүйенсек, 5-маусымда шамамен сағат 12:00-де жалданған пәтерге акиктың құрметіне барлығы сәләфи жиһады ағымындағы 43 адам жиналады.

„Ең бірінші, қонақтардан талап етілгені – ұялы телефондары мен тіпті, көліктерінің кілтін өткізу болған. Бір бөлмелі пәтерде 45 адам сыймай кетеді, сондықтан оның тең жартысы ас үйге орналасады. Менімен сөйлескен айыпталушылар қонаққа келіп, алдарында жайылмаған дастарқанды көргенде таң қалғандарын айтты„

– дейді Балғабек Мырзаев.

Бәрі жиналып болды-ау дегенде Дмитрий Таңатаров, Арман Айтуған мен Сұлтан Қабиев қонақтарды шілдеханаға шақырмағанын айтқан. Бірақ әр қонаққа бір құрма мен стақан су береді. Осыдан кейін Дмитрий Таңатаров орыс тілінде ДАИШ өкілі әл-Аднанидің аудио үндеуін қосады. Үндеуде хиджра жасай алмағандарды, яғни Сириядағы ресми билікке қарсы соғысқа қатыса алмаған барша мұсылманды тұрып жатқан жерінде қарулы жиһад жасау керектігі туралы айтылады. Онда бейбіт тұрғындарды да өлтіруге рұқсат берілетіндігі де қамтылған.

Жиһадқа шақырған аудио үндеуден соң Дмитрий Таңатаров қолына қылыш алып, дәптерге қарап, „Алланың ұлдары„ уағызын оқиды. Ол полиция мұсылман бауырларды қудалап, бір діндегі қарындастарын зорлайтынын айтады, сөйтіп Ақтөбедегі полиция қызметкерлерін өлтіруге, бейбіт халыққа қарсы қарулы жиһад өткізуге шақырады. Дмитрий жиналғандарды шахид болуға, яғни өз-өзін жиһад жолында құрбан етуге шақырады. Ондай құрбандарға жұмақтың есігі ашық, ол жақта хор қыздары күтіп тұрғанын айтады. Таңатаровтың орысша айтқан бұл сөздерін сол арада Арман Айтуған қазақшалап береді.

– Ол бөлмеде болғандар Таңатаровты үнсіз тыңдап, тіпті кейбірі көздеріне жас алған. Ал ас үйде болғандар залда не айтылып жатқанын анық ести алмағандарын айтқан. Бірақ кейін мұны шабуылға дайындық екенін түсінеді.

Айыпталушылардың бірінің айтуынша, жоспар бойынша, ең алдымен әскери бөлімге шабуыл жасалып, одан соң күш құрылымдарын басып алу, сөйтіп түрмедегі „бауырларды„ босату керек болған.

Ал шабуылға шыққысы келмей, орта жолдан кеткісі келгендердің алдын басқа жігіттер кес-кестеп, есіктен жібермей қойған. Олардың ішінде бұрын спецназда, яғни арайы бөлімде істеген жігіт те болған, –

деп жалғастырады сөзін теолог.

Алайда шабуылға қатысқысы келмегендер артынан ұялы телефондары мен кілттерін алып, ақыры кетіп қалған.

Теолог айыпталушылардан болатын қылмыс туралы алдын ала неге хабарламадыңдар, бұл да қылмыс қой деп сұраған.

– Олардың біреуі пәтерден шыға салысымен кафеге бас сұққанын, сөйтіп есін жинауға тырысқанын айтқан. Бірақ сол кезде дабыл белгісі қосылады, кафе әкімшілігі есікті іштен бекітіп, барлығы сол арада қалады. Ал тағы бірі полицияның есігінің алдына келгенде, райынан қайтып кері айналып кеткенін айтқан.

Өйткені қорыққан. Олардың көбісі болатын қылмысты біліп тұрып, оны айтпау – қылмыс екенін, оған жаза қарастырылатынын білмегенін айтты

 – дейді Мырзаев.

Ал Есет батыр көшесіндегі пәтерде қалып кеткендер “Паллада”қару-жарақ дүкеніне қарай бет алған. Жол-жөнекей Дмитрий Таңатаров өзін әмір деп жариялаған, топтың қалған мүшелері оны қолдаған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз