Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ақтөбеде жетім балаларға арналған әлеуметтік үй қолданысқа берілді

Бұндай жағдай Ақтөбе қаласында жұмыс жасап тұрған Жасөспірімдер үйінде мүмкін болмаған еді. Бір пәтердің жалпы аумағы — 40 шаршы метр. Жайлы баспана қажетті коммуникация және жиһаздармен жабдықталған. Жасөспірімдер үйімен салыстырғанда жастар мұнда 23 жасқа дейін емес, 29 жасқа дейін тұра алады. Және осы уақыт аралығында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы өз баспаналарын сатып алу үшін жеткілікті қаражат жинауларына мол мүмкіндік бар.

— Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бізге әрбір баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету міндетін қойды. Бүгінде елімізде ата-анасының қамқорынсыз қалған жасы 29-ға дейінгі 3 мыңнан астам жас тұрады. Жыл сайын оларға мемлекеттік тұрғын үй қорынан 50-60 пәтер бөлінеді. Тұрғын үймен қамтамасыз етуді өсіру үшін өңірде жетім балаларды мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдайтын және қамқорлайтын Кешенді бағдарлама қабылданды, — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылған әлеуметтік жобаға «Сәби» қайырымдылық қоры 4 млрд теңге қаржы бөлді. Маңызды нысанның ашылуына аталған қордың құрылтайшысы, Қазақстанға белгілі меценат Кеңес Рақышев арнайы келді. Облыс әкімі «Сәби» қайырымдылық қоры мен Кеңес Рақышевқа осындай ауқымды және маңызды жобаны жүзеге асырғандары үшін алғысын білдірді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз