Ақтөбеде екі жасар қыз алтыншы қабаттың балконынан құлап, аман қалды, – деп хабарлады “Диапазон”.
Оқиға 28-мамырда, көшеде жүрген тұрғындардың көз алдында болған.
Дәрігерлер мен куәгерлер баланың бірде-бір жері сынбағанына таң болып отыр. Қазір Аяна ауруханада, сөйлейді, ойнайды, жағдайы жақсы.
«Бұл уақытта балалар далада жүрген, бәрі болған жайды көрген соң қорқып, жылады. Олар қыздың көзі ақ болғанын, аузынан қан аққанын айтты. Ол қозғалыссыз жатты, тіпті, жылаған да жоқ. Анам дәрігер, жүгіріп барып оған алғашқы көмек көрсетті, мұз қойды. Үй жанында балалар хирургі тұратын, ол да көмек көрсетті. Сосын қыздың әкесі келді. Оған анам мен хирург балаға тиіспеуді, оның сынған жерлері болуы мүмкін екенін айтты. Әкесі тыңдамай, қызын қолына алды. Жедел жәрдем жылдам жетіп, оны алып кетті»,
– деді оқиғаға куә болған Жанна.
Аянаның анасы әлі өз-өзіне келе алмай отыр.
«Үйде қонақ болған, мен тамақ дайындап жатыр едім, – дейді ол, – біз балкондағы терезені жапқанда, балалар ашпас үшін тұтқаны алып тастаймыз. Аяна шкафтан тұтқаны алып, өзі ашқан. Ұлым Аяна терезе алдындағы тақтайда ілініп тұрып, құлап кеткенін көргенін айтты. Көршілер қоңырау шалып айтты, терезеден қарасам, ол жерде жатыр. Бұл жайында айту да оңай емес. Аяна өте белсенді бала. Қазір өз-өзіне келді. Аздап ойнайды, өзі тамақ жейді. Қозғалады. Аздап әлсіздеу, әрине. Енді бір секунд та қараусыз қалдырмаймын. Енді бұл үйде тұрғым келмейді, жер үйге көшеміз».