Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
6
USD
427
+1.34
EUR
497
-1.07
RUB
5.53
-0.03

Ақтөбеде «Айфонды» параға алған экс-полицей жазадан құтылуға ұмтылуда

 

bbf4e0862af948caa711bb82f59398aeҚазір Алтай Сұлтановтың ісі Қылмыстық кодекстің «Пара алу» бабы бойынша сотта қарастылып жатыр. Іс материалдарына сүйенсек, ол өз қарамағындағы қызметкеріне «қорғаймын, тәртіптік жазаға тартылмайсың» деп уәде берген.

Жұмыс кезінде еш қиындық болмайды деген уәденің өтеуі үшін «Айфон 5» ұялы телефонын сұраған.

Оқиға наурыз айында болған.

Кейін оның қоластындағы қызметкер бағасы 125 мың теңге тұратын телефонды сатып алып, сотталушы Сұлтановқа оның жүргізушісі арқылы береді. Арада айлар өтіп, жәбірленуші қыркүйекте Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстағы департаментіне арызданады.

Нәтижесінде, 15-қыркүйекте Сұлтанов ұсталып, оның қолынан «Айфон» телефоны тәркіленді. Қазір куәгерлер жауап беріп жатыр. Сотталушының адвокаты облыстық Ішкі істер департаментінен наурыз айындағы бейнебақылау камерасына басылған жазбаны сұрады.

«Сұранысқа жауап келді. Облыстық Ішкі істер департаментінің бейнебақылау камераларындағы жазба үш тәулік бойы сақталады екен. Ал біз 2016 жылдың наурыз айындағы жазбаны сұраған едік»,- деді №2 қалалық сотының судьясы Теміржан Алданов.

Бұл сотталушы Алтай Сұлтановтың соңғы үміті еді. Кейін бейнебақылау камераларындағы жазбаның үш тәуліктен артық уақытқа сақталмайтынын алдын ала білгендей әсер қалдырған ол, бірден процессуалдық келісімге келуді сұрады. Өкінішін де білдірді.

«Мен тағылған айыпты мойындап, жасаған ісіме өкінемін. Сондықтан процессуалдық келісімге келуді сұраймын»,- деді сотталушы Сұлтанов.

Алғашында тағылған айыппен келіспеген жол-патрульдік полициясының бұрынғы рота командирі Алтай Сұлтанов

прокурордың күдігіне «бұл менің өз шешімім» деп қысқа қайырды.

Келесі сот отырысы 9 қарашаға белгіленді. Егер Сұлтановқа қатысты тағылған айып толық дәлелденсе, ол шығынды мемлекетке 60 есе қылып қайтаруы мүмкін. Яғни, 7 жарым миллион теңге көлемінде айыппұл төлеп немесе 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы ықтимал. Тіпті, мүлкі тәркіленіп, құқық қорғау органдарында қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылуы мүмкін.

 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз