Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Ақтөбе облысында терроризмге қарсы кешенді жоспар құрылды

144

Журналистер шақырылмаған жиында дін ұстанушылар арасындағы жұмыссыздық жайы, екпе салудан бас тартушылар мен дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушылармен жеке-жеке жұмыс жүргізу жайы да сөз болған.

Жұмыс тобына жетекші болған облыс әкімінің орынбасары Асқар Шерияданов діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі 2016-2017 жылдарға арналған кешенді жоспар құрылғаны туралы хабарлады. “Сонымен қатар, халықтың діни сауаттылығын арттыру арқылы биыл радикалды исламды ұстанушы 300-ден астам адамның дәстүрлі исламға қайтарылғаны да айтылды” делінген облыстық әкімдік жолдаған хабарламада.

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы арнайы жұмыс тобының екі айлық есебін тыңдаған облыс әкмі Бердібек Сапарбаев аймақта терроризмге қарсы идеологияны күшейту, интернет кеңістігіндегі экстремистік материалдарға тосқауыл қою туралы тапсырма берген. Сонымен бірге қоғамдық кеңес мүшелеріне тұрғындар арасында түсінік жұмыстарын күшейтуді тапсырған. Оған мәслихат депутаттары да тартылмақ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз