Шетелдік инвесторлар үш айда Қазақстаннан 700 миллион долларға жуық ақшаны алып кеткен.
Дүниежүзілік банктің мәліметтері бойынша, әдетте, Қазақстан шетелдік тікелей инвестициялар (ШТИ) тартады, бірақ олар көп ретте нарыққа емес, шикізат өндіруге бағдарланған. Ал өндірістің тиімділігін арттыруға шетелдік ақшаның мүлдем мардымсыз мөлшері жұмсалады. Алайда әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұндай «қор тойымдылығы» көп ретте жақсылыққа апармайды. Мұның кезекті өкінішті мысалы біздің көз алдымызда орын алып жатыр.
Қазақстанға құйылатын тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 2016 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша $4 278,5 млн-ды құрады. Бұл 2014 және 2015 жылдардың тиісті көрсеткіштерінен 2,7 пайыз аз, — деп хабарлайды Finprom.kz.
Солай десек те,
қазақстандық инвесторлардың шетелге шығарған тікелей инвестицияларының жалпы ағыны $687,8 млн деп бағалануда
2014 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда, ол 3,1 есе артқан, алайда жылдық салыстыруда 1,3 пайызға азайған. Тікелей инвестициялардың шетелге кетуі $59,3 млн-нан аспайды.
Есептік мерзімдегі таза шамада
Қазақстанға құйылған таза тікелей инвестициялар шетелге құйылған таза тікелей инвестициялардан $2 615,8 млн-ға асып түсті
2016 жылғы наурыздың соңындағы жағдай бойынша, Қазақстанға құйылған тікелей инвестициялардың қорланымы $121 318,1 млн-ды құрады, ал шетелге құйылған тікелей инвестициялар – $24 079,4 млн болды.
Қазақстанға құйылған шетелдік тікелей инвестициялардың жалпы ағынының негізгі үлесі геологиялық барлау мен іздестіруге ($1 511,8 млн), сондай-ақ тау-кен өндірісіне ($1 163,2 млн) тиесілі болған. 2016 жылғы қаңтар-наурызда өңдеу өнеркәсібіне сомасы $509 млн жалпы тікелей инвестиция құйылған.
Өзіміз көріп отырғандай, шетелдік инвестициялардың үштен бір бөлігі өндіру саласына тиесілі. Алайда бұдан да ащы цифрлар бар — олар Қазақстанда ШТИ есебінен жаңа жұмыс орындарын ашу. Дүниежүзілік банктің мәліметтері бойынша,
Қазақстанда тіркелген шетелдік компаниялардың үлесіне еңбекке тартылған барлық адамдардың тек 7 пайызы ғана тиесілі
Абсолюттік өлшемде бұл, шамамен 238 мың жұмыс орны. Бұл жерде де жұмысқа тартылғандардың басым бөлігі (27%) өндіру саласында жұмыс істеп жатқан шетелдік фирмалардың үлесінде. Өндірісте бұл көрсеткіш, орташа есеппен, 17 пайыз, кәсіби қызмет көрсетуде – 17 пайыз, қаржы – 13 пайыз, іскерлік ортада – 16 пайызды құрайды.
Елдік шамада
отандық мұнай-газ саласына тікелей инвестициялар құю есебінен Қазақстанның басты инвесторы Нидерланды болып отыр
Нидерландыдан келіп түскен тікелей инвестициялар ағыны ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында $1 604,5 млн-ды құрады. Оның артынан ерген АҚШ және Швейцария елеулі артта қалған – олардың құйған тікелей инвестицияларының жалпы ағыны тиісінше, $875,5 млн-ды және $527,3 млн-ды құраған.
Мақаланың түпнұсқасын 365info.kz сайтынан оқыңыздар