Америкалық тележүргізуші Джо Торрес АҚШ президенттігіне үміткер Хиллари Клинтонның қайтыс болғанын хабарлады. Мұны ол abc7 телеарнасының эфирінде айтты.
“Шұғыл ақпарат, Хиллари Клинтон қайтыс болды”, – деді журналист.
Мұны естіген Хиллари Клинтонның сайлауалды штабы ақпаратты жоққа шығаруға асықты. Клинтон шынымен де өзін жайсыз сезінген, бірақ ол өлген жоқ, деді олар. Кейінірек телеарнаның өзі де жүргізушінің қателескенін мойындады.