Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ақмолада сұмдық апаттан көз жұмғандар көліктен шыға алмай қиналған (видео)

«Астана-Бурабай»  тас жолында болған апат бірнеше отбасыға қайғы әкелді. Ақтүтек боранда, жол ортасына тұрып қалған жеңіл көлікке бірінен соң бірі екі бірдей автобус соғылып, ішіндегі 50, 32 және 22 жастағы үш жолаушы әйелді тірідей езіп тастапты. Қайта «Ниссан Цефироның»  жүргізушісі алдыңғы есіктен келіншектердің бірінің 3 жасар ұлын шығарып үлгерген. Артқы есігі құлыптанып қалмағанда, марқұмдарды құтқаруға болатын еді,- дейді куәгерлер. Ал ажалдан арашалауға тұра ұмтылған басқа жүргізушіні қатты жылдамдықпен келген басқа автобус басып кеткен.

Жолаушылар автобусының да, «Ниссан Цефироның» да жүргізушілері дін аман. Ал 4 адамды ажал құштырған апаттан тірі қалған кішкентай Данил ғана. Анасынан қапыда айырылып, қақаған аязда қалған бөбекті үйлеріне алып кеткен куәгерлер оны әкесіне тапсырыпты. Болжам бойынша, жантүршігерлік оқиғаға ақтүтек боран себеп.

Руслан Иманқұлов, ҚР ТЖК ресми өкілі:

– Қазір ауа райы құбылмалы. Сондықтан жолдың жабылғаны туралы хабарлама түскенде, тұрғындардың ұзақ жолға шықпауын сұраймыз. Алайда, ескертуге құлақ аспайтындар көп.

Демалыс күндері Астанадан Бурабайға демалуға ағылатындар көп. Сенбідегі сұмдық апат жолға шыққан мыңдаған адамды есеңгіретіп тастағаны анық. Оның үстіне жол бойы қираған машинаға лық толы. Көмекке шыққан құтқарушылар мен полицейлердің қызметтік көлігі де, соқтығысып қалған.

Қазір тек  Шығыс Қазақстанға апарар жолдар уақытша жабылған. Басқа республикалық трассалар ашық. Бірақ, қаһарлы қыстың мінез көрсетуіне байланысты бір ашылып бір жабылып жатыр. Ал синоптиктердің болжамынша, боран мен бұрқасын алдағы бірнеше күнде басылмайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз