Атырау прокурорлары «ЖАН и КС» мұнай компаниясына 3 млрд теңгеден астам айыппұл салды. Табиғат қорғау прокуратурасы бұзушылықты анықтады – ұңғымаларды бұрғылау кезінде компания бұрғылау шламы мен пайдаланылған бұрғылау ерітіндісін заңсыз жинақтаған.
Осы үшін оған ӘҚБтК-нің 328-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылық қолданылды. Компания айыппұлға соттарда шағымданбақ болды, бірақ шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылды, қаулы заңды күшіне енді.
Заң өзгерді, бұл өңірдің әрбір тұрғынына қатысты. Бұрын экологиялық айыппұлдардан түскен қаражат республикалық бюджетке түсетін, ал енді олар облыс бюджетінде қалады.