Шымкент әуежайында Өзбекстан азаматтары жүздеген млн теңгенің алтынын Түркияға алып бара жатқан жерінен ұсталды.
Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, 2,8 келіге жуық алтынның құны – 227,8 млн теңге. Сот үкімі шыққанға дейін алтын мемлекет пайдасына тәркіленді.
«Алтынды кедендік бақылаудан жасыру үшін оның бөлшектерін шабадандардың түбіне және жүк қаптамаларына жасырған», – делінген хабарламада.
Күдіктілерге халықаралық іздеу жарияланды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.