Түркістан облысының Сайрам ауданында учаскелік полиция инспекторы интернет-алаяқтардың құрбаны бола жаздаған тұрғынға көмектесті.
Оқиға Қарабұлақ ауылында болған. 41 жастағы жергілікті тұрғынға белгісіз адамдар қоңырау шалып, пошта арқылы тауар келгенін хабарлаған. Кейін олар SMS-хабарлама арқылы келген кодты айтуды сұраған.
Әйел кодты хабарлап қойғанымен, көп ұзамай қоңырау шалушылардың алаяқ болуы мүмкін екенін аңғарып, полицияға жүгінген.
Полиция қызметкерлері азаматтарды сақ болуға шақырады. Белгісіз адамдарға SMS арқылы келген кодтарды, банк деректерін және жеке мәліметтерді айтуға болмайды. Күдік тудыратын қоңыраулар түскен жағдайда банкке немесе полицияға дереу хабарласқан жөн.