Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
4
USD
452
0.00
EUR
505
0.00
RUB
5.6
0.00

Қызылордада 14 жастағы жасөспірім 1000 теңге үшін кісі қолынан қаза тапты

Туысының жазуынша, оқиғаға қатысы бар деген 13 жастағы жасөспірім қазір арнайы орталықта отыр. Оның кейін босатылуы мүмкін екені отбасы мүшелерін алаңдатады.

Қызылорда облысының полиция департаменті аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Қылмыстық іс «Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қозғалған. Полицияның мәліметінше, кәмелетке толмаған күдікті облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылған.

Бұдан бөлек, кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау дерегі бойынша да қылмыстық іс тіркелген. Полиция бұл іс бойынша кімнің жауапқа тартылып жатқанын нақтылаған жоқ.

Ведомство тергеуді ерекше бақылауға алғанын мәлімдеді. Қазір құқық қорғау органдары жанжалдың себебін, оқиғаның қалай болғанын және жасөспірімнің өліміне әкелген өзге де мән-жайларды анықтап жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты әзірге басқа ақпарат жарияланған жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз