Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
451
-1.90
EUR
506
-2.63
RUB
5.45
-0.03

Таразда қатарласын бір көзінен айырған жасөспірім 7 жылға сотталды

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталушының кәмелетке толмағанын және кінәсін ішінара мойындағанын жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде ескерген. Ал жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

«Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, оған 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – деп хабарлады сот.

Жәбірленушінің анасы Зухра Кәрімова сот шешімін әділ деп санайтынын жеткізді. Дегенмен ол оқиғаға басқа да жасөспірімдер қатысқанын айтып, олардың әрекетіне де құқықтық баға берілуін талап етіп отыр.

«Топ болып жасалған шабуыл екенін біз әу бастан айтып келе жатырмыз. Ол бәріне белгілі. Топпен жасалған шабуылдан тек бір балаға 7 жыл берді. Мен келісемін, мен ойлаймын, бұл әділдік болды деп. Бірақ қалған қатысушыларды қудалауды тоқтатпаймын», – деді ол.

Қазір Дамир күрделі отаға дайындалып жатыр. Анасының айтуынша, баланың көзін қалпына келтіру үшін осы уақытқа дейін алты рет ота жасалған.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз