Астаналық мектеп директоры «100 күнде 100 өлең» республикалық байқауында топ жарып, автокөлік ұтып алды.
Астана әкімдігінің мәліметінше, «100 күнде 100 өлең» республикалық байқауына Қазақстанның түкпір-түкпірінен 3000-ға жуық адам қатысқан.
100 күнге созылған шығармашылық сайыста қатысушылар қазақ поэзиясының туындыларын жаттап, мәнерлеп оқып, сөз өнеріне деген құрметін танытқан.