Жамбыл облысының Шу қаласында 39 жастағы ер адам ұсталып, оның ауласынан 10 келіден астам гашиш тәркіленді.
Polisia.kz мәліметінше, күдікті «Қарасора – 2026» және «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шаралары барысында ұсталған. Тінту кезінде 10 келі 108 грамм гашиш табылған.
Аталған дерек бойынша есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.