Қарағандыда Vavada интернет-казино ойыншыларының ақшасын қабылдап, шығарып отырған топтың қызметі тоқтатылды. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 2026 жылдың қаңтарында схема ұйымдастырушылары интернет-казино өкілдерімен Қазақстан аумағында ақша қабылдау және шығару туралы келісімге келген.
Қатысушылардың бірі топтың жұмысын үйлестіріп, казино өкілдерімен байланыс орнатқан. Екіншісі дропперлерді іздеп, олардың банк шоттарына қол жеткізіп, операторларды іріктеген. Операторлар Қарағандыдағы жалға алынған кеңседе тәулік бойы ауысыммен жұмыс істеген. Жалпы схемаға 23 дроп-шот пайдаланылған. Олар арқылы 415 миллион теңгеден астам сомаға операция жүргізілген.