Нұр-Сұлтан
Қазір
25
Ертең
13
USD
445
-0.30
EUR
511
-2.97
RUB
5.27
-0.01

Жолаушылар пойызы жолға шыққан 13 бас қойды таптап кетті

Көлік полицейлері жүргізген тексеру барысында малдың иесі анықталды. Ол Ақмола облысының 63 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам теміржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көлік полициясы департаментінің дерегінше, жыл басынан бері пойыздардың шұғыл тежеуіне байланысты 1005 жағдай тіркелген. Оның 746-сы, яғни жартысынан астамы, ауыл шаруашылығы жануарларының теміржол жолдарына шығып кетуіне байланысты болған.

Мамандардың дерегіне қарағанда, малдың теміржолға шығып кетуі пойыз қозғалысына кедергі келтіріп қана қоймай, жолаушылар мен теміржол қызметкерлерінің қауіпсіздігіне де қатер төндіреді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз