Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
15
USD
445
-3.00
EUR
514
-3.32
RUB
5.28
-0.01

MEGOGO-мен ағылшын тілін үйрен

MEGOGO платформасынан ағылшын тілінің кез келген деңгейін жетілдіруге көмектесетін, тек пайдалы емес, сонымен бірге өте қызықты ТОП-9 сериалды қосыңыз.

Алты дос, бір сүйікті кафе және әркім өзін көре алатын сан түрлі өмірлік жағдайлар. Баршаға таныс бұл классика — қарапайым диалогтары мен күнделікті қарым-қатынаста оңай қолдануға болатын сөздік қорының арқасында тіл үйренуді жаңадан бастағандар үшін тамаша таңдау.

Сәнді курортта әдемі көріністің тасасынан қонақтардың жасырын құпиялары, қақтығыстары мен шынайы пиғылдары ашыла бастағанға дейін бәрі мінсіз болып көрінеді. Бұл сериал ағылшын тілін аздап түсінетін және өзгеше сөйлеу мәнеріне дағдыланғысы келетіндерге арналған.

Патрик Джейн адамдарды кез келген детективтен жақсы оқи алады және өзінің басты жауының соңына түсе жүріп, қылмыстарды ашуға көмектеседі. B1–B2 — бұл сериалды бастау үшін жақсы деңгей: детективтік лексикаға бой үйретуге тура келеді, есесіне диалогтар шынайы ағылшын тілін естіп түсіну дағдысын шыңдауға көмектеседі.

Нью-Йорктің Ист-Сайд ауданында барлығыі бір-бірі туралы бәрін біледі — немесе, кем дегенде, солай ойлайды. Серена ван дер Вудсеннің оралуы өсек-аяң мен мектептегі интригалардың жаңа толқынын тудырады, ал мұның бәрін жұмбақ Gossip Girl бақылап отырады. Бұл — заманауи ауызекі ағылшын тілі мен сленгті жетілдіргісі келетіндер үшін таптырмас таңдау.

Ібіліс тозақты тастап, Лос-Анджелеске келеді, түнгі клуб ашады және күтпеген жерден полицияға қылмыстарды ашуға көмектесе бастайды. Бұл сериал ағылшын тілін сәл болсын түсінетіндер үшін өте қолайлы. Мұнда қарапайым тұрмыстық диалогтар мен заманауи сөз тіркестері көп.

Ол шытырман оқиғалар  жазады — ал енді оларды шынайы өмірде тергеуіне тура келеді. Жазушы Ричард Касл полиция кеңесшісі атанып, Беккетпен бірге ең шиеленісті істерді ашуға кіріседі. Бұл комедиялық сериал сөздік қорыңызды күрделі лексикамен тамаша байытады.

Чарлидің бойдақ өмірі бауыры ұлымен бірге оның үйіне көшіп келгенде өзгереді. Бұл — тіл үйренуді жаңадан бастағандар үшін ең үздік нұсқалардың бірі, өйткені мұнда диалогтар қысқа, тұрмыстық жағдайлар қамтылған және күнделікті өмірде қолдануға оңай көптеген сөз тіркестері бар.

Жылдар өтсе де маза бермейтін қылмыстар болады. Екі детектив сұмдық кісі өлтіру оқиғасын тергеуге кіріседі, бірақ бұл тергеу оларды бірте-бірте әлдеқайда түнек оқиғаға шырмап алады. Бұл сериал ағылшын тілін B2–C1 деңгейінде меңгергендерге арнайы арналған. Күрделі диалогтар мен ерекше сөйлеу мәнері тілді естіп түсіну дағдысын айтарлықтай жақсартуға көмектеседі.

Лорелай Рориді әлі жасөспірім болғанда дүниеге әкелді, бірақ қызын өзі тәрбиелеп, онымен шынайы достық орната алды. Рори беделді мектепке оқуға түскенде, оларға туыстарымен қайта араласуға тура келеді және бұл олардың өмірін жаңа эмоцияларға толтырады. Бұл — ағылшын тілін жақсы орта деңгейде білетіндер үшін жақсы таңдау.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз