Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
13
USD
448
-3.11
EUR
517
-5.93
RUB
5.3
-0.03

Енді елімізде цифрлық ақшамен тауар мен қызмет ақысын төлеуге болады

Стейблкойн – құны белгілі бір валютаға немесе басқа активке байланыстырылған цифрлық актив. Мәселен, долларға байланған стейблкойнның құны бір доллар шамасында сақталады. Сол себепті оның бағасы биткоин сияқты криптовалюталарға қарағанда қатты құбылмайды.

«Қазақстанда шығарылған стейблкойндерді пайдалану көзделіп отыр. Олар тауарлар мен қызметтерге ақы төлеуде, экспорт-импорт операцияларында және трансшекаралық аударымдарда қолданылады. Бұл есеп айырысу кезінде бизнес шығындарын азайтуға мүмкіндік береді», – деді Тимур Сүлейменов.

Сонымен қатар Ұлттық банк цифрлық активтермен жұмыс істейтін компаниялардың қызмет аясын кеңейтпек. Қазір бұл нарықтағы қызметтер бірнеше бағытқа бөлінсе, алдағы уақытта бір компания цифрлық активті шығару, сату, айырбастау және сақтау қызметтерін қатар көрсете алады. Бұл жұмысқа банктер, брокерлер және басқа қаржы ұйымдары да тартылмақ.

Сүлейменовтің айтуынша, елімізде криптокарта, криптоәмиян және криптоэквайринг қызметтері қазірдің өзінде жұмыс істеп жатыр. Оларға банктермен бірге төлем ұйымдары да қосыла бастаған.

Цифрлық активтерді реттеу де бір орталыққа жинақталмақ. Осы мақсатта Ұлттық банктің құрамынан Цифрлық активтер және төлем жүйелері комитетін құру жоспарланған. Жаңа комитет нарыққа қатысушыларға лицензия беріп, олардың жұмысын қадағалайды, сондай-ақ осы саладағы жаңа жобаларды сүйемелдейді.

Бұдан бөлек, Ұлттық банк цифрлық активтермен жасалатын күмәнді операцияларды бақылауды күшейтпек. Ол үшін ұлттық криптоаналитика орталығы құрылып жатыр. Жүйе банктерге, құқық қорғау органдарына және лицензиясы бар компанияларға цифрлық активтермен жасалған операцияларды тексеруге мүмкіндік береді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз