Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
17
USD
459
+0.39
EUR
536
+0.41
RUB
5.42
-0.01

«Мерейлі отбасы» Алматыда байқауының қалалық жеңімпазы анықталды

Жеңімпаздарды марапаттау салтанатына қаланың сегіз ауданында өткен іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысып, естелік және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Алматы қаласының жеңімпазы Билял отбасы болды. Енді олар Астана қаласында өтетін республикалық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысады.
Биылғы байқауда әділ қазылар құрамында болған Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Марат Қалимолдин іріктеу аса жоғары деңгейде өткенін айтты:
– Жалпы 262 өтінім түсті. Аудандарда бірінші кезең өтіп, қалалық кезеңге әр ауданнан екі отбасы қатысты. «Мерейлі отбасы» – еліміздегі аса маңызды, қоғам үшін көкейкесті мәселелердің бірін көтеретін ерекше байқау. Отбасылық құндылықтарды сақтау мен дәріптеуде мұндай шаралардың орны бөлек. Тәлімі мен тәрбиесі мол, өнегелі отбасылардың жеңіске жетіп, халыққа үлгі болуы – байқаудың басты маңызы, – деді ол.
«Мерейлі отбасы» байқауының мұндай игі бастамалары берекелі шаңырақтардың өнегесін насихаттап қана қоймай, жас ұрпаққа отбасының қадірін ұғындыруға және қоғамдағы отбасылық құндылықтарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз