Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
17
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

50-ден астам тұрғыны бар 3000 ауылға интернет тартылады

Қазір «Қазақтелеком» ауылдарды цифрландырудың жаңа кезеңін бастап жатыр. Жоба аясында 50-ден астам тұрғыны бар 3000 ауыл интернетке қосылады.

2027 жылдың соңына дейін:

  • 1 млн-нан астам ауыл тұрғыны интернетке қосылады;
  • 1 941 мектеп пен 2 905 мемлекеттік мекеме қамтылады;
  • жалпы инвестиция көлемі 239 млрд теңгені құрайды.

Самұрық-Қазына қоғамдық кеңесінің төрағасы Болат Жәмішев ауылдарды іріктеу критерийлері мен жаңа кезеңнің айырмашылығын Мусиннен сұрады.

«Бұрын оптикалық желі тек мектеп, әкімдік, медпункт сияқты нысандарға ғана тартылатын.  Енді ауылдағы кемінде 30% үй шаруашылығы интернетке қосылуы тиіс. Әрі қарай даму халық сұранысына байланысты болады», – деп түсіндірді Бағдат Мусин. 

«Соңғы шақырым» мәселесін шешу үшін компания FWA (тұрақты сымсыз қолжетімділік) технологиясын қолданады. Бұл – кабель тартпай-ақ, базалық станциялар арқылы үйлерді интернетке қосуға мүмкіндік береді.

«Біз мобильді оператор емеспіз, бірақ үй шаруашылықтарын шамамен 50 Мбит/с жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етеміз. Бұл мобильді байланысқа ұқсас, алайда нақты үйлерге бағытталған технология», – деді Бағдат Мусин.

Пилоттық жоба қазірдің өзінде 250+ санатына жататын 120 ауылда іске қосылған, ал алдағы уақытта оны кеңейту жоспарланып отыр. «Қазақтелеком» басшысының айтуынша, мұндай шешімдер бұған дейін Қытай мен Үндістанда сәтті қолданылған.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз