Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясыфракциясының жетекшісі Азат Перуашев ҚРжаңа Конституциясында меншік нысанынбарынша нақтылап бекітуді ұсынды. Ол өзұсынысын Конституциялық реформажөніндегі комиссияның оныншы отырысындаайтты.
Азат Перуашев меншік институтыныңмәртебесі инвестициялық тартымдылық пенэкономиканың оң бизнес-ахуалы үшінмаңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Оның айтуынша, қолданыстағыКонституцияда меншіктің тек екі түріқарастырылған: мемлекеттік және жекеменшік. Сонымен бірге қазіргі экономистеркем дегенде меншікті 5-6 түріге бөледі.
«Финляндия, Литва, Латвия, Әзірбайжанжәне басқа елдердің конституцияларындамемлекеттік және жеке меншікпен қатар муниципалдық нысан көрсетілген. Қытай,Бразилия, Үндістан конституцияларындабұған ұжымдық немесе кооперативтік меншікқосылған. Кейбір елдерде жария меншік, яғнижария қор нарығында орын алатын компаниялардың меншігі ерекше көзге түседі.Бірқатар басқа елде экономикалықалуандылықты ынталандыру мақсатындаКонституциядағы меншік нысандарыныңтізбесі мүлде шектелмеген», – деді ол.
Азат Перуашевтің пікірінше, нарықтыққатынастардың бүгінгі дамуы қосымша муниципалдық меншікті, ПМИК пенкондоминиумдардың, АШӨК менкәсіпкерлердің мүлкін анықтау қажеттілігінтуғызады.
Ол сондай-ақ Мемлекет басшысыкооперативтерді ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін ең тиімді қызмет түрлерініңбірі ретінде белгілеген Президенттіңқаңтардағы «Түркістан» газетіне берген сұхбатын еске салды.
«Бірақ кооператив бүгінде Азаматтықкодексте түсіндірілгендей жеке меншіктіңқарапайым жиынтығы ма? Пайшылардыңлатифундистермен, кредиттік серіктестіктердің қарыз алушылармен көпжылдық даулары және басқа да мысалдарбұл мәселе қолданыстағы заңнамада толықпысықталмағанын көрсетеді», – деп атап өттідепутат.
Оның айтуынша, тура осылайша бірлескен меншіктің басқа түрлері туралы даайтуға болады, өйткені бүгінде бизнесте жекекәсіпорындар ғана емес, сонымен қатар мемлекет қатысатын жекеқұрылтайшылардың кәсіпорындары, АШӨКатынан шығатын муниципалды органдармен байланысқан бизнес және т.б. дамуда.
Азат Перуашев индустрия мен креативтіэкономиканың әртүрлі жаңа нысандарыныңқарқынды өсуін ескере отырып, уақыт өте келе цифрлық меншіктің жаңа нысандарынанықтау қажеттілігі туындауы мүмкін екенінайтты.
«Осыған байланысты меншік мәселесіншешудегі негізгі қағидат деп нарықтыққатынастар, яғни бәсекелестік,монополияларға қарсы іс–қимыл өлшемшарттары, нақтылап айтқанда –әртүрлі тәсілдерді таңдау мүмкіндігі екенін атап өту қажет деп санаймын», – дедідепутат.
Осыған байланысты «Ақ жол» партиясыфракциясының жетекшісі жаңаКонституцияда меншік нысанын барынша нақтылау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Атап айтқанда, 8–баптың 1–тармағынмынадай редакцияда жазуды ұсынды:«Қазақстан Республикасында меншіктіңбарлық нысандары танылады,кепілдендіріледі және тең дәрежедеқорғалады».
«Бұл тек мемлекеттік және жеке меншіктіғана емес, экономиканы әртараптандыружәне ұлттың әл-ауқатының өсуін қамтамасызету мақсатында бизнестің, қоғамның жәнемемлекеттің ресурстары мен мүмкіндіктерінэкономикалық айналымға кеңінен тартумүмкіндігін ашатын және қорғауды білдіретінбарлық басқа да ықтимал нысандардықолдауды білдіреді», – деп атап өтті АзатПеруашев.