Ұлытау облысы ТЖД 112 қызмет пультіне Жезқазған қаласы Сәтпаев көшесі бойындағы театр ғимаратының жертөлесінде өрт туралы хабарлама келіп түскен.
Алғашқы өрт сөндіру жасақтары келгеннен кейін жертөледен қалың түтін шығып жатқаны анықталды. Тез арада газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары өртті барлауға және сөндіруге кірісті. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін ғимараттан 12 адам өздігінен көшеге шықты.