Нұр-Сұлтан
Қазір
-27
Ертең
-22
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Күйеуінің соққысынан тірі қалған Алтынайдың ісі бойынша сот үкімі бүгін шығады

Оқиға орнына келген қызметкерлер бастапқыда пәтерге кіре алмаған. Қор дерегіне сәйкес, күйеуінің туыстары есікті ашудан бас тартып, іздерді жасыруға тырысқан. Соған қарамастан, полиция мен медицина қызметкерлері пәтерге кіріп, Алтынайды күштеп алып шыққан.

«Немолчи» қорының хабарлауынша, Алтынайдың күйеуі Әсет Аюповқа бастапқыда Қылмыстық кодекстің 106-бабы — «Денсаулыққа қасақана зиян келтіру» бойынша айып тағылған. Қор өкілдері бұл істерде неге ҚК-нің 99-бабы — «Адам өлтіру» бабы бірден қолданылмағанын сұрақ ретінде көтеріп отыр

Қор өкілдері Алтынайдың аман қалуы — дер кезінде көмек сұрай алғанының нәтижесі екенін атап өтті.

«Бұл екі жағдай — тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың «отбасылық жанжал» ретінде бағалануы қаншалықты қауіпті екенін көрсетеді», — делінген қор хабарламасында.

Алтынай ісі бойынша бүгін, 22 желтоқсанда сот үкімі шығуға тиіс.

«Қазір ол (Алтынайдың күйеуі) үш жыл да отырмай, таңертең Көкшетауда еркін жүріп-тұрады да, кешке түнемелеу үшін мекемеге қайта оралады. Оның алған жазасы – осы ғана. Бұл қалай болғаны? Оның себебі мынада: ҚК-нің 106-бабы бойынша саралау сол күйі қалдырылды; Алтынай қаза тапқан жоқ, тірі қалды (тергеу осылай деп есептегендей); Әсет – ер адам, ал Алтынай оны (оның түсінігінше) өзі ашуландырған; заң ерлердің жағында мінсіз жұмыс істейді, ал әйелдер үшін – жұмыс істемейді», – дейді қор өкілдері. 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз