Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
0
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Атырауда рөлі оң жақтағы көліктерге жолаушы тасымалдауға тыйым салынды

Ауыл, аудан мен қала арасында жолаушы тасымалдап жүрген жүргізушілер бір-ақ сәтте жұмыссыз қалды. Рөлі оң жақта, жеті немесе сегіз адамға арналған көлік иелері полицияның енгізген шектеуіне үзілді-кесілді қарсы.

«Көлігім несиеде тұр. 4 жыл болды төленгеніне. Мен 3-4 күн болды адамдарды жолдан түсіріп аламын. Несие төлеу мерзімім өтіп кетті. Бір күнде тоқтатып тастауға болмайды ғой. Біз жұмыс істеп отырған халықпыз. Отбасымызды асырау керек. Оңай емес бізге», – дейді жүргізуші Арман Бағытов.

Апта басынан бері атыраулық полицейлер тасжолдарға шығып, рөлі оң жақтағы көліктерді жаппай тоқтатуға кіріскен. Көһлік ішінде жолаушылар отырса, жүргізушіге бірден айыппұл салынады. Қажет болса көлік айып тұрағына жіберіледі. Жолға шыға алмай қалған жүргізушілер шектеуді алып тастауды сұрайды.

«Күнделікті табатын 10-15 мың теңге ақша. 3-4 күн болды жасыратыны жоқ, үйден шыға алмай қалдым. Жұмыс жоқ үйде жатырмыз. Бізге керегі шектеуді алсын», – дейді жүргізушілердің бірі Қанат Құлдырахманов. 

Ал полиция өкілдері Toyota Alphard, Toyota Estima маркалы көліктердің жолаушы тасымалдауға құқығы жоқ екенін айтады. Оған қоса, заңсыз такси қызметін атқаратын осы көліктердің көпшілігі жылдамдықты шектен асырып, ережені елемейді екен.

«Осы жылы тас жолдарда ауыр жол апаттарынан 16 адам қайтыс болып отыр. Оның ішінде сәби, балалар да бар. Аудан, елдімекендерде 6-7 адамнан көлікке салып алады. Адам өмірі маңызды емес, күнделікті табысын ойлап кетті. Жол көлік оқиғасын алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кейін қайтарып жіберіп жатырмыз», – дейді Атырау облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Әділбек Шахматов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз