Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Елімай» клубының шабуылшысы Ғалымжан Кенжебекке тағы бір Еуропалық команда көз тігіп отыр. The Courier Sport басылымының ақпаратыны сәйкес «Данди Юнайтедтің» бас бапкері Джим Гудвин 22 жастағы Ғалымжан Кенжебекке қызығушылық танытып отырғанын жазды.
«Қысқы трансфер терезесіне лайықты түрде дайындалып жатырмыз. Кенжебек көптеген клубтың шорт-парағында тұрғанына сенімдімін. Біз команданы күшейтуді көздейміз, қаңтарда не болатынын көрейік. Бұл оңай кезең емес, бірақ бізге мықты ойыншылар керек», – деді бапкер.
Бапкердің айтуынша қазіргі құрамада жаман емес, алайда дегенмен сол шепте ойнайтын тағы бір футболшы керек екенін алға тартты.
«Қазіргі құрам жаман емес, дегенмен сол шепте ойнайтын тағы бір футболшы керек. Егер қолжетімді әрі бізге сай келетін нұсқа пайда болса, онда міндетті түрде әрекет етіп көреміз», – деді Гудвин.