Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
0
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

ЖРВИ мен тұмау: мамандар ауру белгілері пайда болған бетте дәрігерге жүгіну қажеттігін айтады

Тәулік сайын стационардың қабылдау бөліміне 450-500-ге дейін жүгіну тіркеледі. Солардың тек 20-25%-ы ғана  емдеуге жатқызуды қажет етеді. Қалғандарына үй жағдайында емделу үшін дәрігердің тиісті ұсынымдары беріледі.

«Біздің инфекциялық стационар төсектер санын 550-ге дейін ұлғайтуға дайын, сырқаттанушылық өскен жағдайда қолданылатын резервтеріміз бар, дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілгенбіз», – деді инфекциялық аурухананың басшысы.

Сонымен қатар ол ата-аналарды стационардың қабылдау бөлімінде жиналмауға шақырды, себебі бұл өзге инфекциялармен айқаспалы жұқтыру қаупін арттырады.

Ауру белгілері пайда болған жағдайда тұрғындарға өз учаскелік дәрігерлеріне, фильтр-кабинеттерге, емханалардың шұғыл көмек бөлімшелеріне жүгіну немесе мобильді бригаданы шақыру ұсынылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз