Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-2
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Астанада мұрнына ота жасатқан 59 жастағы әйел қайтыс болды

Тексеру барысында 3 маусымда ота жасалған кезде емхананың медициналық қызмет көрсетуге лицензиясы болмағаны анықталды.

«2025 жылдың 20 наурызынан 3 маусымына дейінгі аралықта кеңес беру және хирургиялық араласу кезінде Medina Plastic Surgery ЖШС-де мына мамандықтар бойынша медициналық қызметке мемлекеттік лицензия болмаған: пластикалық хирургия, анестезиология және реаниматология, нейрохирургия, ересектерге стационарлық көмек көрсету», – деп хабарлады ведомство.

Мемлекеттік лицензия емханаға тек пациент көз жұмғаннан кейін, яғни 2025 жылдың 17 маусымында ғана берілген.

«Пациентке көрсетілген медициналық көмектің сапасыздығы туралы өтініш департаментке лицензия берілгеннен кейін, 2025 жылдың 3 шілдесінде түсті. Осылайша, департаментке пациенттің қаза болғаны туралы өтініш түскенге дейін хабарланбаған», – делінген хабарламада.

Тексерістен кейін департамент 2025 жылдың 28 тамызында Medina Plastic Surgery ЖШС-нің лицензиясын кері қайтарып алған. Сондай-ақ, тексеріс қорытындысы бойынша материалдар Астана қаласы полиция департаментіне құқықтық баға беру және процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданған.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз