Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-2
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Ата-аналар жетім қызды қорлаған жасөспірімдерді басқа мектепке ауыстыруды талап етіп отыр

Ата-аналар жасөспірімдер қызды қорлап жатқанда болған жағдайды әлдекімнің телефонға түсіріп тұрғанына сенімді. Олар жасөспірімдердің жазаланып, мектептен қуылуын талап етіп отыр.

«Жалаңаш қыздың үстіне бірінші сонда жүрген тағы бір қыз мінеді. Ол түскен соң орнына 9 жастағы ер бала бұтын шешіп, жәбірленушінің үстіне шығып алады. Зорлаған-зорламағаны белгісіз, видеода көрінбейді. Бұл сұмдықтың бәрін бір қыз түсіріп, кейін оны әлеуметтік желіде бәзбіреуге сатқан», – дейді ата-аналардың бірі Кристин Олшевская.

Тағы бір ата-ана түсірілген видеоны Ресейден келген адамға сатқан және видеоны қыз тапсырыспен түсіргенін айтады.

«Шамамен 45 мың теңге жиналған. Ол қыз менің ұлымды «Ұстаздар күніне сыйлық аламыз» деп алдап, ақшаның бәрін соның нөміріне аудартыпты. Бұл озбырлыққа барған оқушылар біздің де балаларға қауіпті», – дейді ата-ана Зайнура Баратова.

Ата-аналар жетім қызға қорлық көрсеткен жеткіншектерді басқа мектепке ауыстыруды талап етеді. Тіпті ауылдан көшсін дейді. Ал жәбірленушінің қамқоршысы бой көрсетпеді. Айта кетсек, қыркүйекте болған сұмдықты мектеп жуырда білген. Жағаұстатарлық жағдай полицияға екі күн бұрын ғана хабарланыпты.

«Жауапкершіліктен ешқандай бас тартпаймыз. Бірақ бұл оқиға қараусыздықтан болған деп есептейміз. Ешқандай жасыру, басқа ештеңе жасаған жоқпын. Енді құзырлы органдар әділетті шешім шығарады деп сенемін», – дейді №3 Қарғалы орта мектебінің директоры Гүлзара Сераджинова.

Жеткіншектердің азғындығына қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. Директордың айтуынша, қорлық көрген қызға сараптама тағайындалған. Қазір анықтау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз